Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елбасы жастарды жат ағымдардан қорғауға шақырды

24.02.2015 3386 0 пікір

Таяуда ғана «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен өткен І Республикалық имамдар форумында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жиын қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев жеткізген болатын.

Елбасы өзінің жолдаған құттықтау хатында «Форум отандық мүфтият қызметіне тың серпіліс беріп, дін саласындағы түйткілді мәселелерді шешудегі имамдардың рөлін арттыруға себін тигізеді деген сенімін», - білдірген.

Ел Президенті сондай-ақ имамдарды діни тұрақтылықты нығайтуға, өскелең ұрпақты дін атын жамылған теріс ағымдар ықпалынан сақтау жолында табанды жұмыс жүргізуге шақырды. 

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру