19 ақпан күні өткен республикалық имамдардың алғашқы форумы ел имамдарына үлкен серпіліс берді. Имамдар тарихи құжаттың қабылдануына куә болды. Форумнан кейін Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Ақтау қаласындағы облыстық «Жолбаян» радиосына тікелей эфирде сұхбат берді. Жоғары деңгейде өткен форумның барысы жайында айта келіп, имамдарға үлкен жауапкершілік жүктеген бұл форумда Дінбасымыздың тағылымға толы баяндамасы және елімізге танымал қоғам қайраткерлері тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстарға да тоқталып өтті.
Өкіл имам форумда қабылданған «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы» мен «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «Шынайы мұсылманның келбеті», «Имамның келбеті» атты құжаттар жайында түсіндіріп, аталмыш құжаттардың қаншалықты маңызға ие екендігіне тоқталды.
Маңғыстау облысытық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2015
3064
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру