Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектептегі имандылық дәрісі

23.02.2015 3305 0 пікір

Елордалық мектептер үшін имандылық дәрістері бүгінде үрдіске айналып үлгерді десек артық емес.

Әрбір мешіттегі имамдар кезек-кезек мектептерге барып, жасөспірімдерге салауатты өмір салты мен ғылым-білімге құштарлықтарын оятып, ізеттілік пен рухани тазалыққа бастайтын тағылымды дәрістер оқуда.

Бүгін Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов №2 мектеп гимназиясында «Ұстазға құрмет және білімге қызығушылық» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізді.

Бас имам оқушыларды ұстазға құрмет көрсету, білімнің қадыр-қымбаты жайлы тұщымды ой қозғап, әсерлі әңгіме өрбітті. Сонымет қатар, оқушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру