Моңғолия мұсылмандар одағының төрағасы Батырбек қажы Қадыс ұлы Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында имамдармен кездесіп, осы жоғарғы оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысты.
Қадірменді қонақ кездесу барысында Моңғолия мұсылмандар одағының еңсерілген еңбектерін баяндап, дін мерейін үстем етудегі ілім алудың орны зор екендігіне тоқтады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Моңғолия мұсылмандар одағының жемісті ынтымақтастығының арқасында, осынау ілім ордасында ілім алған имамдар жемісті еңбек етіп жатқаны, болашақта да имамдар санын көбейтуді көздейтінін мәлімдеді.
Институт директоры Кенжәлі Мырзабаевтың басқаруындағы институттың имамдарға барлық жағдайдың жасалғанын көріп, еңбегіне ризалығын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.02.2015
3372
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру