Бүгін Орал қаласындағы «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының ғимаратында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың халыққа есеп беру кездесуі болып өтті.
Кездесуге мемлекеттік қызметкер, соғыс ардагерлері, ел ағалары мен БАҚ өкілдері қатысты. Келген қауымға БҚО бойынша атқарылған 2014 жылдың қорытынды есебі слайд арқылы ұсынылды.
Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы: БҚО бойынша 2014 жылдың есебін Ақжайық жұртына білім, денсаулық, бизнес, елдің әлеуметтік т.б. салаларында атқарған жұмысын, жеткен жетістіктерін айтып жеткізді. Әсіресе асыл дініміз жайында да тоқталды.
Кездесуде облыс әкіміне жиналған қауым өздерін толғандырған сауалдарын жолданды.
Облыс имамы Руслан қажы Сұлтанов сөз алып, облыс әкімінің имандылық жолындағы қолдау көрсеткен игі ісіне тоқталып, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Алғыс» хатын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевқа табыс етті.
Облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтиге, имандылық саласында аянбай қызмет етіп жүрген қызметкерлерге өз ризашылығын білдірді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.02.2015
3446
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру