Алматы Орталық мешітінде Гахол Сандра Теянес ұлты Филиппиндік қыз ислам дінін қабылдады.
Гахол Сандра Теянес Християн діні оның ішінде католик сенімінде болған. Сандра Ислам дінін зерттеп барып қабылдаған. Қазақстанда шетелдік фирмаларда қызмет ететін Сандра өзімен бірге әріптес қазақ жігіті Мақсат Нұрахметұлымен некеге тұрып, отбасын құрды.
Сандра қарындасымызға Алмматы Орталық мешітінің қызметкері Елжанов Ануар Ислам дінін қабылдаған азаматшаға ислам құндылықтары жайында қысқаша түсінік беріп, оларды тақуа мұсылмандардан болуға насихаттады. Мешіт атынан дайындалған сыйлық кітаптарды тарту етіп, бауырластық ниетпен олардың мұсылманшылық қадамдарына сәттілік тіледі.
Алла Тағала қарындасымыздың имандарын арттырып, тауфиқ пен хидаят берсін! Алла Тағала көтерген шаңырақтарын берекелі етіп, қияметте Өзінің Кешірімі мен Разылығына бөлесін! - деп тілек білдіреміз.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.02.2015
3446
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру