Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

18.02.2015 3291 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіті ауласында  «Жарты құрма болса да тозақ отынан сақтан»  деген атпен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл шараны мешіт жамағаты және  сауат ашу курсында оқып жүрген намазхан қыз –келіншектер өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдарын, үйде пісірілген кондитерлік тәттілер мен ыстық тағамдарды базар бағасынан төмен бағада сатып,  одан түскен қаржыны мұқтаж жандарға беру мақсатында ұйымдастырды.

Жұма намазына жиналған мұсылмандар қауымы жәрмеңкеге шығарылған арзандатылған қолөнер бұйымдары мен тағамдарды жарты сағат ішінде  түк қалдырмастан сатып алды. Жәрмеңке соңында сатылған заттардың ақшасы 150 мың теңгені құрады.

Өкіл имам С.Сейтбековтің нұсқауымен, түскен қаржы мешіт тізімінде тұрған мұқтаж жандардың ішінен 3 жанұяға берілді. Олар үнемі дәрі –дәрмек қажет ететін науқас жандар еді. Намазхан қыз келіншектер олардың үйлеріне арнайы барып, жәрмеңкеден түскен қаржылай көмекті табыс етті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ .

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру