Аягөз қалалық мектеп гимназиясында «Діни экстримизмге қарсы күрес – жарқын болашақтың кепілі» атты кездесу өтті.
Кездесуге Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет қажы Қинаятұлы және «Жаңауыл» мешітінің имамы Нұржан Медеуханұлы қатысты. Кездесуде ҚМДБ – ның тарапынан дайындалған бейнеролик көрсетілді. Дәулет Қинаятұлы дініміз жайлы жалпы мағлұматтар беріп, интернет желісінде тек ҚМДБ – ның арнайы сайттарынан ғана қарауды және де «Ислам және өркениет», «Ислам нұры», «Иман» атты газет – журналдарды оқуға шақырды. Нұржан Медеуханұлы салт – дәстүріміздің негізі дінімізбен біте қайнасып жатқандығын, үстіміздегі жылды Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» жылы жарияланғандығы жайлы айтып өтті.
Кедесуде оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берілді. Мектеп игимназисының тәрбие ісінің меңгерушісі кездесудің өтуіне атсалысқан әрбір жанға алғыс білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.02.2015
3286
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру