Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мақалалар байқауының жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)

17.02.2015 3605 0 пікір

«Пайғамбар өнегесі – адамзаттың асыл мұрасы» тақырыбындағы мақалалар байқауының жеңімпаздары жарияланды.

Естеріңізде болса, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ресми сайты «Sunna.kz» ақпараттық, ағартушылық–танымдық порталы 12-қаңтар мен 1-ақпан аралығында сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айының құрметіне, «Пайғамбар өнегесі – адамзаттың асыл мұрасы» тақырыбында мақалалар байқауын жариялаған болатын.

Байқау барысында мешітіміздің имамдары мен сайт қызметкерлерінен құрылған тәуелсіз сараптау комиссиясы, 200-ден астам мақаланың ішінен үздік туындыларды анықтады. Осыған байланысты бүгін Сәдуақас Ғылмани атындағы мешітінде байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Мешіттің Бас имамы Садырханов Жұманазар Өсерханұлы алғы сөзінде: «Қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед!) Біз сені бүкіл әлемге рақым шуағы етіп жібердік» - делінсе, Пайғамбарымыз (с.а.у) өзінің бір хадисінде: «Сендердің ешқайсыларын мені ата-анасынан, бала-шағасынан және барлық адамзаттан артық жақсы көрмейінше, шынайы иман келтірген болып есептелмейсіңдер», - деп айтқан болатын. Бұл байқаудың басты міндеті үздіктерді анықтау емес. Екі әлемнің сардары болған сүйікті Пайғамбарымызға (с.а.у) деген сүйіспеншілікті арттыру, оның бізге қалдырып кеткен өнегелі жолын дәріптеу»,– деп байқаудың басты мақсатын түсіндіре кетті.

Осыдан кейін «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болған жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі басталды:

Бірінші орын – Сымбат Арапбаева 

Екінші орын – Фариза Құрақ

Үшінші орын – Гүлзат Аманолла 

Ынталандыру сыйлығының иегерлері:

Әлібек Қабиденұлы
Әсел Орынбасарқызы
Маралбек Құрманғалиұлы
Жалғас Асхатұлы
Қожагелді Алданов
Камила Базарбаевна
Дахан Шөкшір
Қадырсұлтан Нүсіпхан
Айнара Дәрменқызы
Еркебұлан Отарханұлы

Сондай-ақ, «Дін мен дәстүр» тақырыбын насихаттағаны үшін Индира Ізбасқанқызы арнайы жүлдеге ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру