Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

І республикалық имамдар форумына қатысты дөңгелек үстел өткізілді (ФОТО)

17.02.2015 3255 0 пікір

Ақтөбе қалалық «Рахым» мешітінің бас имамы Б.Н.Тәжімбет қалалық имамдарды жинап, ҚМДБ-ның «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында өткізгелі отырған І республикалық имамдар форумына байланысты «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттарын таныстырып, жұмысы жайлы баяндап берді.

Имамдар форумның жүйелі жұмысын қолдап, форумда көтерілетін тақырыптар дәстүрлі дінді дұрыс ақпараттандыруға көп әсерін тигізетіндігін айтып, бұл тұжырымдамалар қолдауға әбден лайық екенін бір ауыздан растады.

Форум турасында әр сенбілік жиналыста да, келген имамдарға форумның мән жайы сөз етіліп, ендігі уақытта осы тұжырымдамаға сүйене жұмыстарын ары қарай жетілдіру керектігі айтылды.

Ақтөбе облыстық орталық "Нұр-ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру