Бүгін Батыс Қазақстан облысы «Орал» орталық мешітінде облыс имамы Руслан Сұлтановтың бастамасымен қала, аудан имамдарына ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Астана қаласы 19 ақпанда тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтетіндігін жеткізді.
Өкіл имам Руслан қажы Тыныштықұлы облыс, қала, аудан имамдарына «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», "Имамның тұлғалық келбеті» және «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар қабылданды. Осы жайында барлық имам-молдаларға толықтай мәлімет берілді.
Облыстық «Орал өңірі» газетінде «Имамдардың тұңғыш форумы» атты мақала жарық көргендігін жеткізді.
Сонымен қатар, өкіл имам форумда елдегі діни ахуалдың дамуының өзектілігі, ҚМДБ мен оның имамдарынының беделін арттыру, мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, қазақ халқының біте қайнасқан салт-дәстүрлерін, зайырлы қоғам тіршілігіне және мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасына қатысты, өзге тақырыптар аясында өз ойлары ортаға салынды.
Нұрлан Қабыкеш,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2015
3464
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру