Семей орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 19 ақпанында тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І республикалық имамдар форумын өткізуді жоспарлап отыруына байланысты жиын өткізді.
«ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттарды Семей қалалық мешіт имамдарына таныстырылды.Аталған құжатта елдегі діни ахуалдың дамуының өзектілігі, ҚМДБ мен оның имамдарының беделін арттыру, мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білім алуға, емделуге, Отанды қорғауға, еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға, зайырлы қоғам тіршілігіне және мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасына қатысты тақырыпта қала имамдары Форумда көтерілетін мәселелермен бірлесе қолдау білдіретіндіктерін және жат ағымдар жағадан алған қазіргі кезде шынайы мұсылманның келбетін қалыптастырып, дін маманының қоғамдағы беделін көтеру уақыт талабы екенін тілге тиек етті.
ҚМДБ-ның Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2015
3009
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру