Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі маусым айында Астана қаласында өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті деп хабарлайды BNews.kz ақпараттық порталы.
«Маусым айында Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезін өткізу жоспарланып отыр»- деген министр 2014 жылы елімізде дін саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
«Кәсіби идеологиялық жұмыстың негізгі құралы ретінде бүгінде дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихат топтары жұмыс істейді. 2014 жылы 708 топтың күшімен 1,5 миллионнан астам адамды қамтыған 17 мыңға жуық мақсатты шаралар өткізілді. Барлық жұмыс 2017 жылға дейінгі терроризм мен діни экстремизмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жасалды» дейді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2015
3567
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру