Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков пен Ақтау қалалық мешіттің бас имамы Дүйсен Хасниязов 19 ақпанда өткелі жатқан республикалық имамдардың форумы жайында жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасына 16 ақпан күні тікелей эфирде сұхбат берді.
«Орта толсын» бағдарламасында «Дін қоғамның діңгегі» атты тақырып бойынша бір сағатқа созылған тікелей эфирде өкіл имам Астана қаласында өтетін ««Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты еліміздегі алғашқы имамдар форумы жайында кеңінен айтып өтті. Имамдар форумунда Діни басқарма тарапынан әзірленген «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы» мен «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы, «Шынайы мұсылманның келбеті», «Имамның келбеті» құжаттардың қабылданатынын басты назарда айтып өтті.
Сұхбат барысында көрермендерге тікелей эфир барысында аталмыш құжаттардың қаншылақты маңызды екендігін түсіндіріп өтті.
Маңғыстау облысытық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2015
3253
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру