Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар форумы жаңа мазмұн, жаңа серпінмен өтпек (ФОТО)

16.02.2015 3189 0 пікір

Астана қаласында алғаш рет өтетін имамдар форумы дін қызметкерлеріне бағыт-бағдар беріп, беделін арттыра түспек.

Бұл туралы Алматы орталық мешітінде өткен қала имамдарының бас қосуында айтылды. Алқалы жыйында: «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» сынды елдің рухани саласын дамытуға бағытталған маңызды құжаттар талқыланды.

Жыйынға Алматы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек Есмағанбет, аудандық мешіттердің бас имамдары мен наиб имамдар қатысты. Бас имам Нұрбек Есмағанбет Асыл арна, Алматы телеканалының журналистеріне берген сұхбатында: «Бұл құжат – дін қызметкері мен әр мұсылманның білім алуына, отанды қорғауға, отбасына, халыққа қызмет етуге, өзінің және өзге халықтардың дәстүрін, ерекшеліктерін құрметтеуге шақырып, мемлекет пен қоғамда қалыптасқан тыштық пен бірлікке қызмет етпек»,-деді. 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру