Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Форум құжаттары таныстырылып, насихатталды

16.02.2015 3177 0 пікір

Бүгін ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігенен Астана қаласында 19 ақпан күні өтетін бірінші республикалық имамдар форумы, онда талқыланатын басты құжаттарды таныстыру, пікір алмасу мақсатында Павлодар қаласына қарасты «Ақмешіт» мешіті, «Бижан», «Ғазиз», «Ар-Рахман», «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттері және қала маңындағы Кенжекөл, Жамбыл, Чернорецк, Қраснармейка  ауыл имамдарымен қатар қалалық Қажылар қауымдастығы төрағасының орынбасары Тұяқ қажы Иманқұл, ақын, жазушы қоғамқайраткері Арман Қани, доктор, профессор А.Тұрышев қатарлы бірталай облысқа белгілі азаматтар қатыстырылған басқосу «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өтті.

Басқосуда форумда ұсынылып, бекітілетін «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан Мұсылмандарының Тұғырнамасы»,  «Имамның тұлғалық келбеті», «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттарды «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Хасан Аманқұлов, Айбек Оралханов, Амантай Тойшыбайұлы жиналған қауымға толығымен таныстырды. Келесі кезекте аталмыш құжаттарға орай  ақын, қоғам қайраткері А. Қани бүгінгі таңдағы мешіт имамдарының халық арасындағы бет-беделін көтеру тұрғысында біршама құнды пікірлер айта келе, әсіресе ауыл мешіттерінің жағдайы, имам мен жамағат арасындағы сенімділік пен түсіністік, имамдардың әрі педагог, әрі психолог, әрі ақылшы, тәрбиеші міндетін атқарушы ретінде өздерін көрсете білу қажет екендігіне тоқталды. Осыған орай  Д.Матаев, Е.Бейсенбин, Бауыржан, Ермұрат, Серікбол қатарлы қала, ауыл имамдары өз ұсыныс пікірлерін қоса білдірді. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру