Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Аягөз жастар бөлімі форум жайлы өз ойларын ортаға салды

16.02.2015 3315 0 пікір

Тұңғыш рет елордамыз Астана қаласында ақпан айының 19 – шы жұлдызы күні өтетін «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты тақырыптағы I республикалық имамдар форумының өтетіндігі жайлы Аягөз қалалық мешіт жанындағы жастар бөлімінің бас қосуы өтті.

Аудан имамы Думан Нәдірұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткізетін республикалық имамдар форумына  еліміз бойынша 500 – ге жуық облыс, аудан имамдары және ауыл молдалары қатысатындығын баяндап өтті.

Аягөз қалалық мешітінің жастар бөлімі муфти хазіреттің бұл бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру