Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен 2015 жылдың 19 ақпанында діни салада алғаш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты І Имамдар форумы өткізілуі жоспарланып отыр.
Осыған орай, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы форумның мән-маңыздылығы жөнінде және оған облыстық, қалалық делегацияның форумға баратыны туралы жергілікті «Қазақстан-Атырау» телеарнасына, облыстың айнасы болған қос басылым «Атырау» және «Прийкаспийская коммуна» газеттеріне сұхбат берді.
Аталмыш сұхбатта «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», және «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттардың әзірленгендігі айтылды.
Сонымен қатар, өкіл имам форумда елдегі діни ахуалдың дамуының өзектілігі, ҚМДБ мен оның имамдарынының беделін арттыру, мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, қоршаған ортаға және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға, зайырлы қоғам тіршілігіне және мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасына қатысты және т.б. тақырыптар аясында талқыға түсетінін мәлімдеді.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.02.2015
2983
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру