ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, найб мүфти С.Ораз мырзаның шұғыл тапсырмасы аясында, Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында қала, аудан имамдарының «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты имамдардың Республикалық І Форумына арналған мәжілісі болып өтті.
Оны ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек ашып, жүргізіп отырды.
Форумға Оңтүстік Қазақстан облысынан қала, аудандардан 24 имам, 4 арнайы дінтанушы мамандар делегат болып қатысады.
Осы шараның мәні мен мақсаты туралы арнайы баяндамалар мен түсіндірмелер жасалды.
Әуелі облыстық мешіттің найб имамы Еркебұлан Қарақұлов «Имамның тұлғалық келбеті», «Шынайы мұсылман тұлғалық бейнесі» тақырыптары бойынша жазылған тұжырымдаманы оқып берді.
Осыдан кейін найб имамы Мұхаммеджан Естеміров “ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдасы” бойынша түсіндіріп, хабарлама жасады.
Ал найб имам Бекайдар Әміре «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы» бойынша кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ, имамдар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға өкіл имам А.Пірәліұлы тұщымды жауап берді.
Жалпы, мәжіліс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының осындай бастамаларын қолдап, асыл дініміздің өркендеуіне мол септігі тиетін бастамаларды дамытып, үлес қосу қажеттілігі айтылды.
Бүгінде облысқа қарасты 9 телеарна мен 2 радио және 20 астам облыстық, қалалық, аудандық газет редациялары форум туралы арнайы хабарлар таратылуда.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.02.2015
3325
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру