Атырау облысына қарасты қала және аудан имамдары бас қосып, биылғы жылдың 19 ақпанында діни салада алғаш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты Имамдар форумы өткізілетіндігі жөнінде арнайы жиын өткізілді.
Аталмыш басқосуда ҚМДБ-ның төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», және «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттардың әзірленгендігі туралы айтылды.
Сондай-ақ, құжаттарда ҚМДБ мен оның имамдарының беделін арттыру, мұсылманның негізгі ұстанымдарын қалыптастыру секілді мәселелердің қамтылғандығы қала имамдарына ауызша таныстырылды.
Кездесу соңында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы аталған құжаттардың маңыздылығына тоқталып, барлық имамдарды бір жұдырықтай жұмылып, елдің бейбітшілігі мен ынтымағына атсалысуға шақырды.
Форумда көтерілетін мәселелермен танысқан қала имамдары да бірлесе қолдау білдіретіндіктерін және жат ағымдар жағадан алған қазіргі кезде шынайы мұсылманның келбетін қалыптастырып, дін маманының қоғамдағы беделін көтеру уақыт талабы екенін тілге тиек етті.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.02.2015
3102
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру