Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бұрын соңды болмаған форум

16.02.2015 3297 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен елімізде бұрын-соңды болмаған тарихи іс-шара «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» атты, Астана қаласында 19 ақпанда діни салада тұңғыш рет І республикалық имамдар форумы өтеді.

Форумда аса маңызға ие құжаттар талқыланып, ел игілігіне ұсынылмақ. Бұл құжаттарда елдегі діни ахуалдың дамуының өзектілігі, ҚМДБ мен оның имамдарының беделін арттыру, мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білім алуға, емделуге, Отанды қорғауға, еңбек етуге, отбасына, қоршаған ортаға, және ел аумағындағы халықтың салт-дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға, зайырлы қоғам тіршілігіне, және мемілекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасына қатысты көзқарастары көрсетіледі.

Аталмыш форумға Талдықорған өңірі бойынша облыс, қала, аудан имамдарынан құралған 11 адамдық делегациясы аттанбақ.

ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызыметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру