Қасиетті жұма күні «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінде ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің меңгерушісі К.Б.Тұрдыбаев жұма уағызын айтып, жиналған жамағатқа Бас мүфтидің бұйрығына сәйкес ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша өкіл имамы Қ.Ә.Жұмабековтың қызметінен босатылғанын және Жезқазған аймағы бойынша жаңа өкіл имам болып Смағұлов Мәди Тоқпанұлының тағайындалғанын жеткізді. Жиналған жамағатқа өкіл имамды таныстырып, асыл дінімізді насихаттауда аянбай қызмет етуін тапсырды. М.Т.Смагулов жамағат алдында Бас мүфтидің өзіне тапсырған дін аманатын абыроймен атқарып, сенімін ақтауға бар күш жігерін салатынын жеткізді.
Жезқазған қаласының әкімі атынан қалалық әкімі аппаратының басшысы Е.Б.Қатжанов құттықтау сөз сөйлеп, өкіл имам Қ.Ә.Жұмабековке алғыс хат тапсырды. Қалалық маслихаты тарапынан депутат, білім меценаты Б.Қ.Алтынбеков жергілікті жамағат атынан алғысын білідіріп, қазақи дәстүрімізге сай Қ.Ә.Жұмабековтың иығына шапан жауып, темір тұлпардың кілтін табыстады. Одан кейін ұстазға сыйлық ретінде шәкірттері алтын жазумен жазылған шежірені табыс етті. Заукен қажы Ыбырайтегі жаңа тағайындалған өкіл имамға, жиналған жамағатқа бата берді.
Смағұлов Мәди Тоқпанұлы 2013 жылы Алматы қаласындағы Мырзахмет мешітінде найб имам қызметін атқарған, 2013 жылдың қараша айынан бастап, Алматы облысы, Іле ауданы, Водник ықшам ауданы «Арын қажы» мешітінде найб имам болып қызмет атқарған.
«Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.02.2015
4242
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру