Елордасы Астанада 19 ақпанда тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтетіні туралы Павлодар жұртшылығына өңірлік қазақ және орыс тілді БАҚ-тар арқылы кеңінен насихаттала бастады.
Астана өтетін имамдар форумы, оған еліміз бойынша 500-ге жуық өкіл имамдар мен аудан, ауыл молдалары қатысатыны турал «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Хасан Аманқұлов «Қазақстан - Павлодар» телеарнасы мен қалалық «Ирбис» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламалары арқылы қазақ және орыс тілінде сұхбат берді. «Қазақстан-Павлодар» телеарнасындағы сұхбат жергілікті уақыт бойынша 13ақпан күні сағат18.00 де эфирге шығып, және 21.30, 23.30 сағаттарда, сонымен қатар ертеңінде күндізгі жаңалықтарда қайталанады. Ал «Ирбис» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасы да әр жұма сайын күндізгі сағат 14.00-де эфирге шығып, келесі сембі күні қайталанып тұрады. Хасан Аманқұлов бұл сұхбаттарында, форумда дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланатыны, форум жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынай мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар қабылданады деп күтілуде екендігі туралы қысқа болса да толығымен мәліметтер берді.
Сонымен қатар әрбір жұма күні облыстық радио арқылы жүрілетін «Дін мен дәстүр» бағдарламасы арқылы баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының тікелей эфирде 40 минутқа ұласқан сұхбаты аталмыш форумда қабылданатын «Қазақстан мұсылмандары Тұғырнамасы», «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы» , «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Имамның тұлғалық келбеті» атты құжаттар туралы радио тыңдаушы қауымға кең көлемде түсініктеме берді. Бұл тікелей эфир де келесі күндері қайталанып тұрады. Сондай-ақ өңірлік «Сарыарқа самалы», «Ертіс дидары», «Шаһар» газеттеріне баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлының «Республикалық имамдар форумы өтеді» тақырыбында қазақ және орыс тілдерінде жазылған қысқаша мәліметі жіберіліп, аталмыш газеттердің осы апта соңында шығатын сандарының басты беттерінде жарық көретін болып келісілді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.02.2015
3236
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру