Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

І Республикалық имамдар форумына Алматы қаласынан делегация аттанбақ

14.02.2015 3184 0 пікір

«Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында 19 ақпанда тұңғыш рет  өткелі отырған І республикалық имамдар форумына Алматы қаласынан қаланың Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет бастаған 28 адамдық делегация аттанбақ.  

Алматы орталық мешітінде ҚМДБ діни стер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы, Алматы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің қатысуымен форумға аттанатын делегация құрамымен дөңгелек үстел өтті.   

Нұрбек қажы Есмағанбет өз сөзінде: «Еліміздің белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, қатысып, баяндама жасайтын форумда қарастырылатын дін саласындағы өзекті мәселелер мен қабылданатын құжаттардың маңызы зор. Сондықтан Алматы қаласынан жолдың қашықтығына қарамастан 30-ға жуық дін қызметкерін делегация құрамына қостық. Онда қалалық мешіт имамдары мен республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері бар»,-деді.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру