Атырау медициналық колледжі студенттеріне «Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуде ҚМДБ-ның Жастар ісі жөнінде Атырау облысы бойынша өкілі Арман Урумбаев: "Нағыз мұсылман адам жер бетінде арсыздыққа жол бермей, керісінше игілік және ізгілікке ұмтылуы тиіс. Алланың қасиетті кітабында қоғамдық тәртіп бұзуға қатаң тыйым салынған. Құранның «әл-Ағраф» сүресінің 56-аятында: «Тәртіпке келтірілгеннен кейін жер бетінде бұзықтық жасамаңдар», – деген Алланың әмірі бар" - дей келе, тәрбиелік мәні бар бірнеше аят-хадистерді мысалға келтірді.
Сонымен қатар шараға оқу орнының басшылары, Шапағат орталығының директор орынбасары, теолог Айбек Асқарбекұлы пен теолог С.Төлегенов та қатысып тұшымды пікірлерін ортаға салды. Шара соңында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға түсінікті жауаптар берілді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2015
3123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру