Батыс Қазақстан облысында дін қызметкерлері елімізде бірінші рет өткелі отырған имамдар форумына қатысты ақпарат құралдарына сұхбат беріп, шараның негізгі бағыты мен жұмысы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл іске облыс және аудан имамдары атсалысуда.
Айталық, ҚМДБ-ның БҚО бойынша Өкіл имамы Р.Сұлтанов Астанадағы «I Республикалық имамдар форумына» қатысты «Орал өңірі» газетінің тілшісі, ақын, ҚР журналистер одағының мүшесі, «Жас қазақ» республикалық газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Ұлдай Сариеваға сұхбат беріп, Діни басқарманың соңғы уақытта қолға алған жұмыстары жайлы сөз етті.
Сонымен қатар, Өкіл имам Р.Сұлтанов Орал қаласының «ТДК-42» телеарнасына орыс тіліндегі арнайы бағдарламаға қатысты. Жалпы, журналистермен болған кездесуде форумға қатысты өзекті мәселелер қозғалып, еліміздегі діни, рухани мәселелер талқыланды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2015
3374
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру