Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласында имамдар форумы кеңінен насихатталуда

13.02.2015 3371 0 пікір

Алматы қаласында имамдар форумы ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып, дін қызметкерлері мен жамағатқа жан-жақты түсіндірілуде.

Алматы қаласы, Жетісу аудандық «әл-Мәдина» мешітінің Бас имамы Бақытжан қажы Жаңбырбайұлы Әбу-Ханифа медресесінің бітіруші түлектерімен кездесіп, болашақ дін мамандарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі таңдағы тыныс тіршілігімен таныстырды.

Сондай-ақ, 19 ақпан күні Астана қаласында тұңғыш рет өтетін «I Республиалық имамдар форумы» жайлы шәкірттерді хабардар етіп, форум төңірегінде туындаған сұрақтарға жауаптар беріп, пікір алмасты. Игі ісшараға Алматы қаласынан 28 адамнан тұратын делегация қатыспақ. 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру