Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласында 19 ақпанында тұңғыш рет «Ислам - бейбітшілік пен келісім діні» атты 1 республикалық имамдар форумын өткізеді. Елімізде бұрын соңды болмаған тарихи іс-шараның мәні мен мазмұны ауқымды, көтерген жүгі салмақты.
Осыған орай, Маңғыстау облысының бас имамы С.Сейтбеков өңірдегі қала, аудан, ауыл имамдарын жинап дөңгелек үстел өткізді. Жиында өкіл имам «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі қызметін дамыту Тұжырымдамасы», «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті» және «Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар дайындалғанын, форум жұмысында бұл құжаттардың арнайы таныстырылып, талқыланатындығын айтты.
Аталған құжаттарда елдегі діни ахуалдың дамуының өзектілігі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен имамдардың беделін арттыру, мұсылманның негізгі діни ұстанымдары, білім алуға, емделуге, Отанды қорғауға, еңбек етуге, отбасына қамқор болуға, сондай-ақ, қоршаған ортаны және ел аумағындағы халықтың салт–дәстүрлерін, ерекшеліктерін сыйлауға, зайырлы қоғам тіршілігіне және мемлекеттің заңдары мен қоғамда қалыптасқан тәртіптерге қарым қатынасына қатысты көзқарастары көрсетілген.
Аталмыш форумға Маңғыстау облысынан 5 аудан, 2 қала имамдары және облыстың бас имамы С. Сейтбеков бастаған арнайы делегация аттанбақ.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2015
3761
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру