Тәуелсіз еліміздің жастары имандылыққа бет бұрып, жылдан жылға қатары көбейіп, мешітке келіп дәріс алуда. Осыған орай, ақпанның 12-күні «Иманғали» орталық мешітінде Атырау қаласы ұстаздарының жиыны өтті.
Басқосуда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы қала мешіттерінің ұстаздарына сауат ашу курстарынан дәріс алып жүрген шәкірттер туралы мәлімет беру, олардың тыныс-тіршілігі, оқу деңгейі туралы есеп беру тапсырмасын жүктеді. Сонымен қатар, аудандар, шалғай ауылдарда сауат ашу курстарын ұйымдастырудың мән-жайы талқыланды.
Жиналыс барысында жамағатты білімге қызықтырып, білім алатын шәкірттер санын көбейту мәселелері де қозғалды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2015
3167
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру