Отанымыздың мақтанышына айналған Алматы қаласы Ислам ұйымы ұйымдастырған шара аясындағы бағдарлама бойынша «Ислам мәдениетінің астанасы – 2015» болып жарияланған болатын. Аталмыш шара аясында елімізде көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Соның бірі ретінде Алматы қаласы, Жетісу аудандық, "әл-Мәдина" мешітінің Бас имамы Бақытжан қажы Жаңбырбайұлы Әбу-Ханифа медресесінің бітіруші түлектерімен кездесті. Кездесу барысында аудан имамы болашақ дін мамандарын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі таңдағы тыныс тіршілігімен таныстырды.
Сондай-ақ Астана қаласында тұңғыш рет үстіміздегі жылдың 19 ақпан күні өтетін «I Республиалық имамдар форумы» жайлы шәкірттерді хабардар етіп, Алматы қаласынан 28 адамнан тұратын делегация баратындығын айтты. Алғаш өткелі жатқан бұл форумның мешіт саласында қызмет етіп жүрген имам, молдаларға аса маңызды екендігін аудан имамы баса айтты.
Сөз соңында Бақытжан қажы дін жолында білім алып жүрген шәкірттерге өз ақылын айтып, білімде озат болуға шақырды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2015
3320
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру