Ақпан айының 12-і күні Алматы қаласындағы Чехов атындағы орталықтандырылған кітапханада жоғарғы оқу орнының студент, оқытушыларымен «Ислам және жастар» тақырыбында кездесу өтті.
Оған Қалқаман-2 мешітінің Бас имамы Мейрман Саттарқұл Сәтиұлы, «Нұр-Мүбарак» Ислам мәдениеті университетінің ұстазы Асқар Мұқанов, Әл-хамид мешітінің наиб имамы Батырхан Құрбанбаев қатысып, жастар тақырыбында кеңінен уағыз айтылып, сұрақтарға жауап берілді.
Өз сөзінде Саттарқұл қажы Діни басқарма жанында жастар бөлімі ашылып кең ауқымда жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Кітапханаға, қатысушыларға мешіт атынан сараптамадан өткен шариғат кітаптары таратылды.
Қатысушылар осындай кездесу сұхбаттың жиірек болуын сұранып, ризалықтарын білдірді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2015
3874
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру