Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіттің қайырымылық шарасы

13.02.2015 3213 0 пікір

Көкшетау қаласындағы «Ғалым» мешітінің бастамасымен Есіл ауданындағы балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл ізгілік шарасы Мәуліт мерекесінің құрметіне орайластырылды. Жетім балаларға қол ұшын беруге аталған мешіт пен «Жеке батыр» сауда базарының сатушылары атсалысты.

«Ғалым» мешітінің бас имамы Нұрлан Әбенұлы балалар үйінің жүзге жуық тәрбиеленушілеріне уағыз оқып, пайғамбардың туған айының  тағылымы жайлы сөз қозғады. Ал, Көкшетаудан осы шараға арнайы барған өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты. Би билеп, жаны жабырқау бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.

Соңынан жетім балаларға дастархан жайылып, оларға сыйлықтар табыс етілді. Әр балаға тазалық үшін қажет бұйымдар, танымдық энциклопедиялар, ертегі кітаптар және спорт заттары  сый ретінде ұсынылды.

 Бақыт СМАҒҰЛ,
Ақмола облысы.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру