ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Ернар қажы Қалмаханұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданының Бас имамы қызметін сақтай отырып, ҚМДБ-ға қарасты «Үшқоңыр» медресесінің директоры болып тағайындалды.
ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілі Әсет қажы Қадірақынұлы медресе ұжымына Ернар Маженді таныстырып, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығын оқып, жаңа қызметте табысты болуын тіледі.
Ернар Мажен 2001-2002 жылы аралығында Қожа Ахмет медресесін, 2002-2006 жылдары Шымкент қаласандағы Халықаралық Қазақ Араб университетінің «Араб тілі және дінтану» факультетін үздік аяқтаған. 2006 - 2007 жылдары Ыстанбұл қаласындағы «Ислам ғылымдарын зерттеу орталығында», БАӘ «Мүнтадал әл Ислам» институтында ұйымдастырылған курста фикһ, тәпсір, құран қырағаты, хадис, ілімдерінен тәлім алды. 2007-2009 жылдары Түркия Республикасы, Кония қаласындағы Селжук университеті, Ислам білімдері факультетінің «Ислам Тарихы» мамадындығы бойынша магистратураны бітірді. 2009-2011 жылдар аралығында ҚМДБ қарамағындағы Шымкент медресесінде директор орынбасары, ұстаз қызметін атқарды. 2011-жылдан бері Алматы облысы, Жамбыл ауданының бас имамы қызметін атқырып келеді. Ана тілі мен қоса орысша, арабша, түрікше, ағылшын тілдерін жетік меңгерген.
Білім баспалдағымен еліміздің дін саласына өзіндік үлес қосып, шәкірт тәрбиелеу ісі мен дін қызметін қатар ұстаған ұстаздың жаңа қызметіне толағай табыстар тілей отырып, ниеттестігімізді білдіреміз. Алла Тағала әріптесіміздің қызметіне жеңілдік, еңбегіне жеміс беріп, алар асуы мен шығар белесі молынан болуын нәсіп етсін деп тілейміз.
«Қарасай батыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.02.2015
5027
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру