ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет бір сөзінде: «Әр түрлі теріс пиғылды ағымдардың жетегінде кетпеудің бір жолы – діни сауаттылық», - деген болатын.
Бас мүфти хазреттің тікелей тапсырмасымен мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарды жандандырып, саннан сапаға көшіру және жүйеге келтіру қолға алына бастады. Бұған байланысты арнайы тұжырымдама қабылданып, бүгінде еліміз бойынша барлық мешіттер соған сәйкес жұмыс жүргізуде.
Жуырда осыған орай, ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі облыстық орталық мешітінде Оңтүстік Қазақстандағы барлық қала және аудандардағы діни оқу-ағарту жұмыстарына жауапты мешіт қызметкерлеріне арнайы жиналыс өткізді. Жиналысты ашқан облыстық орталық мешітінің найб имамы Әміре Бекайдар Төлжанұлы бұл тұжырымдаманың маңыздылығы мен жүзеге асыру жолдарына кеңінен тоқталып, кешіктірмей бүгіннен бастау керектігін нақты тапсырды.
Ал найб имам Мұхамеджан Естеміров әріптестеріне қазақ халқында кең таралған «Білекті бірді, білімді мыңды жығады»,-деген сөзді естеріне салып, бұл жұмыстарды ықыласпен істеу керектігін ескертті.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.02.2015
3636
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру