Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жүректен – жүрекке жасалған жақсылық

11.02.2015 3970 0 пікір

Қасиетті Құранның «Мәидә» сүресінің, 32-ші аятында былай делінеді: «Кімде-кім жер жүзінде бұзақылық қылмаған, нахақ кісі өлтірмеген біреуді өлтірсе, ол бүкіл адамзатты өлтіргенмен тең. Кімде-кім бір адамды тірілтсе (өлім қатерінен құтқарса) ол, бүкіл адамзатты тірілткенмен тең».

Расында бір адамға, әсіресе ол өмірге жаңа тәй-тәй басқан сәби болса өмір сыйлау, оның денсаулығына қауышуына үлес қосу қандай үлкен сауап десеңізші.

Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты «Амин» мешітінің жамағаттарының демеушілігімен Көшербаева Айғаным, Раяна Аманжолқыздарының жүректеріне Алматы қаласы балалар кардиологиясында  ота жасалынды. Балаларының   жүректері ауыру екендігін сезген анасының шыбын жанын қоярға жер таппай, түн ұйқысы бұзылып ота жасатуға бел буып кіріседі. Бірақ қаражатқа келгенде тығырыққа тірелген ана, ең соңғы үмітін Алладан күтеді. Бұдан хабардар болған мешіт жамағаттары да дұға-тілек жасап, қолдарынан келген қаржылай демеушіліктерін жасады.

Еліміздегі қаншама ауру жандарға бірінші Алладан шипа тілеп, осындай жандарға қол ұшын беріп ем-дом жасаған дәрігерлер мен мешіт жамағаттарына бүлдіршіндердің анасы Жайсанның алғысында  шек жоқ. Жастарымыздың иманды, салауатты болуына атсалысып жатқан жандарға Алла жар болсын дейміз. 

Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты «Амин» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру