Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қайырымдылық көмек көрсетілді

11.02.2015 3238 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек беру шарасы үзілместен жалғасып келеді.

Мешіт тізімінде тұрған жағдайы төмен, азық түлік көмегіне зәру жандар арнайы шақырылып оларға өңірдегі кәсіпкер азаматтардың қолдау көрсетуімен  күнделікті тұтынатын ұн, май, секер, макарон өнімдері мен көкөністер берілді. Барлығы 30 адам қайырымдылық көмек алды.

Алдағы уақытта да қайырымдылық шаралары жалғаса бермек.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру