Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен басты бағыттар аясында бүгінде аймақтарда ауқымды іс-шаралар өткізіліп, қоғам мен дін өкілдерінің қарым-қатынасы нығайып, мешіт тынысы бұқараға айқын сезіле бастағаны жасырын емес.
Сенімге селкеу түсірмей, сан ғасыр ардақталған асыл дінді келешек ұрпаққа жеткізуші дін қызметкерлері бүгінде түрлі деңгейдегі шараларға қатысып, мекемелерде кездесулер өткізіп тұрады. Оның ішінде, мемлекеттік мекемелер, білім ошақтары, жастармен жүздесу, сондай-ақ, түзеу мекемелеріндегі азаматтармен жұмыс жүргізу – бүгінгі дін қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілігі мол міндет.
«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазанның қатысуымен Әскери полиция бас басқармасында «Отбасы құндылықтары» тақырыбында кездесу өтті.
Отанды қорғау ұлы міндет болса, осы отанды құраушы отбасы құндылығы әрбір саналы жан үшін де маңызды болмақ. «Отан – отбасыдан басталады» деп, кешегі өткен бабаларымыз артында мәні терең сөз қалдырды. Отбасының берік болуы – ел болашағының зор болуына кепіл болады. Ата-ананың тәлім-тәрбиесін егіз көріп өскен буын Отанының толыққанды саналы азаматы болып өседі. Ел игілігі үшін қызметті әрбір отбасы өз шаңырақтарынан бастаса – абзал болмақ» деді Нұрлан Рамазанов өз баяндамасында.
Ардақты пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) бір хадис шәріпінде «Барлығың жауаптысыңдар. Басшы еліне, отағасы отбасына, малшы малына жауапты. Әркім өз қарамағындағылардан сұраққа тартылады» деп, бұл өмірдегі саналы жанның жауапкершіліктерін көрсетіп кеткен еді. Балаға тал бесіктен дұрыс тәрбие беріп, тілін, ділін һәм дінін білуге, құрметтеуге, Отанын сүюге, қорғауға үйрету – ата-ананың міндеті. Осы орайда елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде «Отанды сүю – перзенттік парызымыз. Қарыс қадамы үшін жанын қиған бабалардың асыл аманатына адалдығымыз» деп, салмақты ой тастаған.
Сөз соңында Наиб имам Нұрлан Рамазанов қасиетті мекен – Отан турасында шариғи әрі қазақы таным тұрғысынан баяндап, отбасыны, балаларды дұрыс өсіру, жетілдіру – әрбір ата-ананың, ал Отанды қорау – әр адамның адамдық борышы деген тұжырым жасады.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.02.2015
3646
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру