Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар бас қосты

10.02.2015 3160 0 пікір

Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде өтті. Жиналыста ҚМДБ-ның өкіл имамы Н.Исенов қала, аудан имамдарының 2015 жыл шыққалы атқарып жатқан іс-қызметтері мен жаңа бастамаларына қысқаша танысты. Келесі кезекте «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Х.Аманқұлов, аппарат басшысы У.Мақұлұлы «мешіттердің іс-қағазын жүйелі тәртіппен жүргізу бағыттары»,  Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі А.Оралханов «Мешітттердегі жастармен жұмыс ісі жөнінде», ал баспасөз хатшысы А. Тойшыбайұлы «Мешіт іс-қызметтерін БАҚ арқылы насихатталу барысы, алдағы мақсаттар» тақырыптарында қысқа баяндамалар қойып, имамдарға  алда тұрған міндеттерін түсіндірді.

Сонымен қатар дәл бүгінгі таңдағы облысымыздағы діни ахуал, мешіт істері, мешіттердің ішкі іс-қағаздарын жүргізуге байланысты біршама мәселелер талқыланып өз шешімдерін тапты.

Соңында қала, аудан имамдарының кезекті басқосуын алдағы наурыз айының 4-жаңасында Екібастұз қаласында ұйымдастыру, осы кезде имамдар арасына әртүрлі спорттық бәсекелер өткізуге пәтуаласты.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру