Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбековтың ұйымдастыруымен 8-12 ақпан аралығында облысқа қарасты қала, аудан және ауыл мешіт имамдарының білімін жетілдіру курсы басталды.
Аталмыш курс Маңғыстау ауылдық мешітінің ғимаратында өтуде. Бас мүфти дін қызметкерлерінің білімі мен білігін арттыру заман талабы екендігін үнемі назарда ұстауда. Осыған орай маңғыстаулық имамдардың білімі мен білігін арттыруға бағытталған 5 күндік семинар басталды.
Курс барысында имамдарға Құран, Ақида, Фиқһи мәселелер, Хадис ілімі және Мәзһабтар тарихы бойынша дәріс өтіледі. Алғашқы дәрісті өкіл имам С.Сейтбеков фиқһи мәселелер бойынша өзі жүргізді.
Алла имамдарымыздың ықыластарын арттырсын деп тілейміз.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.02.2015
3229
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру