Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Қайырбек Отызбаев «Қазақстан-Атырау» облыстық телеарнасының тікелей эфирде жүргізілетін жұмалық «Иман нұры» бағдарламасына қатысты. Бағдарлама «Саңлақ сахабалар» тақырыбында өрбіді.
Бір сағатқа ұласқан бағдарламада алдымен Ислам тарихынан жиі еститін әрі үнемі қолданатын «сахаба»сөзінің мән-мағынасынан сыр шертілді. Сондай-ақ, сахабалардың мұхажирлер мен ансарлар деп аталуының себебі және осы саңлақ жандардың ислам тарихында алар орны жан-жақты сараланды. Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың сенімді серіктері болған сахабалары жайында айтқан қанатты сөздері де осы бағдарламада айтылды.
Аталған діни-танымдық бағдарлама барысында жүргізуші Айбек Асқарбекұлының «Сахабалар өмірі бізге қаншалықты өнеге? Сахабалардың пайғамбарға деген сүйіспеншілігі қандай болды? Қазақ халқы пайғамбар ізін басқан сара сахабаларды қалай құрмет тұтты?» – деген сауалдарына жан-жақты жауап берілді.
Сонымен қатар, наиб имам Қ.Тоқтықбайұлы 6-ақпан күні облыстық "Қазақстан-Атырау» радиосынан тікелей эфирде жүргізілетін "Жұмадағы тілдесу" бағдарламасының студиясында болып, сахабалардың өнегелі ғұмырынан сөз қозғады.
Аталған қос бағдарлама барысында Атырау өңірінен өзге аймақтардан да шалынған қоңыраулар арқылы бағдарлама қонағына түрлі тақырыптарда сауалдар жолданып, дін маманы тарапынан теледидар көрермендері мен радио тыңдармандарына тұщымды жауаптар қайтарылды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.02.2015
3161
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру