Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде Құран жарысы өтті

09.02.2015 3279 0 пікір

Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінде, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұстазы Тұрсынқұлов Нұрсұлтан Қалдыбыйұлының ұйымдастыруымен, «Білімді-мыңды жығады, білекті-бірді жығады» атты тақырыпта, шәкірттері арасында Құран жарысы өтті. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде сауат ашу курсында білім нәрімен сусындап жүрген  ер адамдар жамағаты діни сауаттылықтарымен көрерменді тәнті етті.

14 шәкірттен құралған сайыскерлеріміздің жас ерекшеліктері әртүрлі болса да, өзара бақ сынасып, білім бәсекесі қыза түсті.

1-тур – Құранды мәнерлеп, жатқа оқу, 2-туры – Құранды тәжуид бойынша талдау.

Ал, 3-тур – Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірінен сұрақтар болып, сайыскерлеріміздің жауаптары, олардың тыңғылықты дайындықтан өткендіктерін байқатты.

Олардың білім деңгейіне  мешітіміздің найб имамы – С.Еншібайұлы мен ұстаз – А.Тұрлыбеков  қазылық етіп, әділдікпен жеңімпаздарды анықтады.

Қазылардың ортақ шешімі бойынша: 1-орынды ең жас сайыскеріміз Асылгерей Жетпісов қанжығасына байласа, 2-орын алған Нұрлыбек Қамбаров  еншіледі. Ал, Ержан Садықов  3-орынды қанағат тұтты.

Сондай-ақ, барлық сайыскерлерге мақтау қағаздарымен бірге, ынталандыру сыйлықтары табысталды. 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Б.Е. Аетова


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру