Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауыл тұрғындарымен ауылдық мәдениет үйінде кездесіп, асыл дініміз жайында уағыз айтты. Кездесуді ауыл әкімі Нұржаубай Ғабиден Өтелгенұлы жүргізіп отырды. Уағыз барысында ата-ананы қадірлеу, үлкен күнәлар, ішімдік ішудің күнәсі сынды жат әдеттерден аулақ болу, күнәлі істен бойларын алыс ұстауларын айтып өтті. Сонымен қатар жаназаға қатысты жанама әдеттерді де түсіндіріп, алдағы уақытта ондай әдеттерді шариғатқа сай жасау керектігін баса назарда атап өтті. Ауыл тұрғындарына «Дін мен дәстүр» кітабы тарқатылды.
Ауылдың берекесі мен ынтымағын күшейтетін ең басты мәселе мешіт ашу. Мешіт ашылса жастарды имандылыққа тарту оңай болатынын атап өткен өкіл имам ауылдан мешіт салу керектігіне тоқталды. Ауыл тұрғындары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Шайыр ауыл тұрғындары өкіл имамға өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып жатты. Асыл дініміздің баға жетпес құндылықтарын насихаттаған өкіл имамға ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып тарқасты.
Маңғыстау облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.02.2015
3624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру