Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мерекелік шара (ФОТО)

09.02.2015 3300 0 пікір

Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінің үлкен залында 2015-Қазақстан халқының Ассамблеясының жылы орай мерекелік шараның ашылу салтанаты болып өтті.

Оған  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, мемлекеттік қызметкерлер, зиялы қауым өкілдері, қазақ жерінде мекен еткен өзге ұлттың өкілдері, білім ордаларының білімді, рухы биік студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы сөз алып, ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Қазақ хандығының 550 жылдығы, 2015-Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жылымен құттықтап, мәңгілік ел болуға жазсын, -деп ақ тілегін жеткізді.         

Шарада  қазақ даласынан шыққан данышпан, ғұлама тұлғалардың рөлдері сомдалып, даналық сөздерімен өрнектелді. Өзге ұлттың өкілдері өз билері билесе, қазақтың әсем әндері шырқалып көпшілік ықыласына бөленіп, шаттық сезім сыйлады.

Рухы биік жастардың «Күш, Қуат,Жігер, Ел ертеңі біздер» атты ұрандары жалынды жастардың жүректерінен шықты.

 ҚМДБ-ның БҚО баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру