Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Айтбай» мешітінде 3 айлық семинар аяқталды

09.02.2015 3172 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасына орай сауат ашу курстарын жандандыру, мешіттерде шәкірттер санын арттыру бағытында Қызылорда облысы бойынша өкілдігіне қарасты қалалық «Айтбай» мешітінде түрлі шаралар мен жұмыстар атқарылып келеді.

Осы бағытта қараша, желтоқсан, қаңтар айларында үш айлық арнайы сауат ашу семинары болып өтті.

Семинарда қасиетті Құран Кәрімді тәжуид ережелеріне сай дұрыс оқып үйрену,  Фиқһ негіздері, хадис және Пайғамбар (с.а.с) өмір баяндарынан күн сайын жүйелі түрде сабақтар жүргізілді.

Атап айтқанда «Айтбай» мешітінің бас имамы Алпамыс Тлеубергенов әр сейсенбі күні шәкірттерге уағыз-насихат айтып имандылық сабақтарын жүргізсе, найб имамы Арынов Берік әр бейсенбі күні хадистен, әр сенбі күндері фиқһ негіздерінен дәрс берді. «Айтбай» мешітінің ұстазы Омашев Лашын дүйсенбі күндері Құраннан, сәрсенбі күндері сирадан сабақ беріп келеді.

Шәкірттер Ислам дінінен жан-жақты сусындалып көкейлкрінде жүрген сауалдарына қанағаттанарлық жауап ала алды. Нәтижесінде мешіт шәкірттер саны артып, тұрақты шәкірттер қалыптасты. Аталмыш шәкірттерге үш айлық қорытынды емтихан алынды. Емтиханға тұрақты семинарға қатысқан он тоғыз шәкір қатысып, барлығыда сәтті тапсырып шықты. шәкірттерге сертификаттар табысталып, сыйлықтар берілді.

Емтиханға ҚМДБ Қызылорда облысы бойынша Өкілі, ортаық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінң Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы арнайы шақырылып, шәкіттерге білімнің маңыздылығы мен оның берер пайдаларын түсіндіріп, семинар тамамдаған шәкірттерге ақ батасын беріп, ілімдерінің әрмен қарай артуын, сәттілік тіледі.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру