Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мәуліт айы – қамқорлық айы

06.02.2015 3820 0 пікір

Екі дүние сұлтаны Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туылған айына орай Есіл қалалық мешіті мүмкіндігі шектеулі балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамтыған қайырымдылық шаралар ұйымдастырды. Іс шаралар шеңберінде қоғамның ең әлсіз әрі ерекше қамқорлықты қажет ететін өкілдеріне қайырымдылық ас беріліп, сыйлықтар таратылды.

Есіл қаласындағы №3 педогогикалық - психологиялық түзеу кабинетінің тәрбиеленушілеріне «Александра» дәмханасында дастархан жайылды. Бұл жолы 20 бала және олардың  ата – аналары қайырымдылыққа қанықты. Есіл мешітінің имамы Бақжарық Қызырұлы мен қуанышты бөлісе келген Жақсы ауданы мешітінің имамы Болат Тұрғанұлы кішкентайынан ауыр дертпен күресіп, тағдыр тауқыметіне мойынсұнбай жүрген балғындар мен олардың аналарын мәуліт мерекесімен құттықтап,  дендеріне саулық тіледі. Сөйтіп, әр баланың қолына киім - кешек салынған пакеттерді ұстатты. Өз кезегінде ата - аналар да өз кезегінде сөз алып, қайырымдылық шараға мұрындық болған мешітке шексіз алғыстарын білдіріп, мәуліт айындағы сауапты істің ерекше күтімді қажет ететін балалардың көңілін бір серпілтіп тастағанын айтып ағынан жарылды.

Сонымен бірге, қайырымдылық шара шеңберінде дерті ауыр балалар тәрбиелеп жатқан, жағдайы төмен он отбасына азық-түлік салынған пакеттер үлестірілді. Мұқтаж жанұяларға қажетті азық - түліктер "Сарыарқа Астық"  кәсіпорны (Тельман Жұмабаев  п,Нұрлан Момынов)  демеушілігі негізінде жүзеге асырылды. Мәуліт мерекесіндегі ізгілік шараларына үлес қосқан «Александра» кафесінің иесі Ольга Жиевскаяға да ризашылық білдіруге болады. Біз де осындай жандарға  Алла Тағала істеріне берекет берсін дегіміз келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру