Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Колледжде өткен кездесу (ФОТО)

06.02.2015 3503 0 пікір

АНТ-тың 2015-жылдың бірінші жарты жылдығына бекітілген жоспары бойынша «Болашақ» колледжінде «Қазақ даласы рухани ойшылдарының адамгершілік идеялары», «Әлемдік және Исламдық діндер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қалалық Әлеуметтік бастамалар орталығынан Тайталиев Файзулла, Абирова Мәншүк, Ішкі саясат департаментінен Үсен Бақыт және А.Қаттани мешітінің найб-имамы Шынболат Үмбетов қатысты.

Жиын барысында ұстаздар мен студент жастарға қазақ даласында өмір сүрген, асыл дініміз Исламның кеңінен қанат жаюына үлес қосқан ғұламалар төңірегінде сөз болды.

Сонымен қатар исламның атын жамылған кейбір топтардың қателіктері нақты мысалдармен әшкереленді.

А.Қаттани мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру