Адамзаттың асылы, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасиетті мәуліт айына орай Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлының тапсырмасымен Қапшағай елдімекенінде орын тепкен №1 жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне қаланың Вайнах мешітінің ат салысуымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Ата-ана мейірімінен мақрұм қалған 60-қа жуық бүлдіршіндер 7 мұғалімімен бірге автобуспен «Балуан шолақ» атындағы республикалық спорт кешенінде өткізілген Мәуліт кешіне арнайы әкелінді.
Кештің аяқталуымен бүлдіршіндерге арнап әзірленген сәнді мерекелік дастарханда оларды халал асхана иесі Асқарбек барын салып әзірлеген түрлі тағамдар мен көздің жауын алатын тәтті, тоқаштар күтті.
Вайнах мешітінің наиб имамы Әбдір Мархабайдың айтуынша оларға ас мәзірінен соң діни тақырыптардағы қызықты да тартымды сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, мол сыйлықтар таратылды. Сыйлықтардың ішінде 60 футболка, 60 бас киім, 800 дәптер, 1 үлкен жазу тақтасы, қаламсаптар, бірнеше бокс қолғаптары, бокс қалқандары, доптар, дойбылар, сылдырмақтар және басқа да балаға қуаныш сыйлайтын ойыншықтар бар. Мерекеде көңіл көтеріп, жадырап қалған сәбилердің көзіндегі қуаныш отын көруге тұрарлық.
Жетімге қарайласуды өзіне мұсылмандық парыз деп білетін мешіттеріміздің осындай игі істері жалғасын табады деген ниеттеміз.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.02.2015
3424
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру