«Жетім көрсең, жебей жүр» дейді дана халық. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің «Зекет» қорының маманы Д.Өмірбектің бастамасымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде «Алға аудандық жетімдер» үйінде тәрбиеленіп шыққан Ажар Жаңажановаға мешіт жамағаты арасынан жомарт жандар теледидар сыйға тартты. Мешітіміздің бас имамы Ә.Қ.Дәуренбеков дұға жасап, Аллаға шүкіршілік етіп, жоқтықта сабырлық таныту керектігі жайлы уағыз айтты.
Айта кетерлігі, жуырда облыс әкімдігі осы қызымызға қаладан 1 бөлмелі пәтерді тарту еткен болатын.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр-Ғасыр» мешітінің
баспасөз хатшысы Б.Е.Аетова
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.02.2015
3655
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру