Ақмола облысы Бұланды ауданында мұсылман қауымы жылда үрдіске айналып, көрермен көңіліне жол тартқан шапағаты мол мүбарак айлардың бірі Мәуліт мерекесін атап өтті.
Екі дүниенің сардары, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат айту үшін аудандық мәдениет үйіне жиналды. Қасиетті құран аяттарымен басталған Мәуліт кешіне аудан әкімі Қуандық Хайдарұлы, аудандық мешіттің бас имамы Дәргерхан Тұрдыақынұлы және аудан тұрғындары қатысты.
Жиналған көпшілікті аудан әкімі Қуандық Хайдарұлы құттықтаса, мешітіміздің бас имамы Дәргерхан Тұрдыақынұлы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянына тоқталып, насихат айтты. Кеш барысында жүрек тебірентер әндер орындалып, тағылымы мол сахыналық көрністер көрсетілді. Сондай-ақ мән мағынаға толы көріністердің бірі аудандық мешіт намазхандары қойған көрніс «Қарттар үйі». Бұл әрине әр қазақтың жүрегін сыздатқан бүгінгі қоғамның бір індеті. Мешіт намазхандары бұл көрніс арқылы оқырманға ой сала отырып, көздеріне жас алдырды. «Хан сарайына» лайық жандардың қарттар үйіне қамалып, сағыныш сарсаңға салған аянышты тағдыры кім-кімді де ойландырмай, толғандармай қоймасы анық.
Қараөзек ауылынан келген «Қисық кітап» әзіл-сықақ театрының актерлары да көрністер қойып Мәуліт мерекесінің ойдағыдай өтуіне атсалысты.
Сонымен қатар түрлі ойындар жүргізіліп, сұрақтар қойылды. Жеңімпаздармен сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табыс етілді. Кейін аудан әкімі Қуандық Хайдарұлы «Балауса» мейрамханасында ас берді.
Жайнарбек Зандыбайұлы,
Ақмола облысы Бұланды аудандық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.02.2015
3683
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру