Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков Жаңаөзенде қаласында болып, мешіт жамағатымен жүздесті. Облыс имамы ақшам намазынан кейін мешітке келген намазхандарға «Тәкфир ағымының қателіктері» атты тақырыпта уағыз жүргізді. 300-ге жуық адам бас имамның уағызын тыңдап, өздерінің сауалдарына жауап ала алды.
Жамағатты толғандырған «ағымдарды қалай танимыз, олардан қалай сақтануға болады, неліктен олар бөлінеді» деген сауалдар болды, сондай –ақ, олар жаназаның бірізділікке түсірілуі жайында сұрады. Өкіл имам С.Сейтбеков ағымдар жайында егжей -тегжейлі баяндап, олардан сақтану жолы- мазхабты берік ұстануда екендігін айтты. «Жаназа пәтуасына келсек, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бекіткен жаназа пәтуасы бар, қазір ол толықтырылу үстінде. Алдағы уақытта кітапша болып таратылатын болады»,- деді С.Сейтбеков.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.02.2015
3061
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру